Қазақстандықтардың есепшоты бұғатталуда
Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеме жасады
2024 жылы Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі аяқталды деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Декларацияны уақытында тапсырмағаны үшін 68,3 мың кәсіпкер мен жеке практикамен айналысатын тұлғаның банк шоттарындағы операцияларды тоқтатылды
Қазір кемшілікті түзеткен 17,5 мыңнан астам салық төлеушінің банк шоттары бұғаттаудан босатылды.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, елімізде жалпы декларация тапсыруға міндетті 4,8 млн адам бар.