сейсенбі, 8 сәуір, 2025 12:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандықтарды кім киіндіреді?

Қазақстандықтарды кім киіндіреді?
Ашық дереккөз
Нақты деректерге сүйенсек, Қазақстанда киім өндірісі мүлде жоқ емес, алайда нарықтағы киімнің негізгі үлесін сырттан келетін өнімдер құрайды. Өткен жылы елге 159,7 мың тонна киім импортталып, оның жалпы құны 2,2 миллиард долларды құрағаны, жергілікті өндірушілердің көлемі шектеулі екенін айғақтайды.

Биылғы жылдың қаңтарында Қазақстанда сыртқы киім бағасы өткен жылдың осы айымен салыстырғанда 10%-ға қымбаттады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бағаның ең жоғары өсімі Түркістан, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында байқалды, ал Павлодар мен Жамбыл облыстарында баға ең аз көтерілді.

Ерлер киімі орташа есеппен 9,9%-ға қымбаттаған. Ерлерге арналған желеткелер, пуховиктер, футболкалар, джемперлер мен іш киімдер бағасы едәуір өскен. Әйелдер киімі 10,3%-ға қымбаттап, әсіресе желеткелер, пуховиктер, пальтолар мен іш киімдер бағасы айтарлықтай артқан. Балалар киімі де 9,7%-ға қымбаттап, ең көп қымбаттаған заттардың қатарында маусымдық сыртқы киімдер мен мектеп формасы болған.

Қазақстандағы киім бағасын әлем елдерімен салыстырғанда, джинсы шалбардың орташа бағасы 73,4 долларды, ерлерге арналған былғары аяқ киім – 98,9 долларды, брендтік спорттық аяқ киім – 98,6 долларды, ал Zara немесе H&M сияқты дүкендердегі жаздық көйлектер 43,9 долларды құрады.

Өткен жылы Қазақстанға 159,7 мың тонна киім импортталып, оның жалпы құны 2,2 миллиард долларды құрады. Импорт көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 13%-ға азайған. ТМД елдерінен импортталған киім мөлшері 21,7%-ға өссе, басқа елдерден келетін импорт 23%-ға төмендеді. Ең көп киім жеткізуші елдер – Қытай, Ресей, Өзбекстан және Түркия.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар