Жаңалықтар

Қазақстандық теннисші Таиландта өткен ITF турнирінің чемпионы атанды

Қазақстандық теннисші Таиландта өткен ITF турнирінің чемпионы атанды

Финалда Григорий Ломакин жергілікті теннисші Касидит Самреймен кездесті. Бірінші сет 7:6 есебімен аяқталды. Ал екіншісі сетте қазақстандық спортшы 4:6 есебімен ұтылды. Бірақ шешуші сетте жеңісті жұлып алды. Есеп – 6:3. Айта кетері, Ломакин Дүниежүзілік рейтингте 1057-орында тұр.