Жаңалықтар

Қазақстандық теннисшілер Германия командасын ұтып Билли Джин Кинг Кубогінің финалына шықты

Қазақстандық теннисшілер Германия командасын ұтып Билли Джин Кинг Кубогінің финалына шықты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Билли Джин Кинг Кубогінің матчында жеңіске жетті Рыбакина әлемнің экс-бірінші ракеткасы неміс қызы Анжелика Кербермен кездесіп, 4:6, 6:3 және 7:5 есебімен жеңіске жетті. Кездесу екі сағаттан астам уақытқа созылды. Осының арқасында Қазақстан құрамасы Германия теннисшілерін үш кездесу қорытындысы бойынша 3:0 есебімен ұтты. Нәтижесінде отандастарымыз аталмыш турнирдің финалына жолдама алды.