сәрсенбі, 25 желтоқсан, 2024 11:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандық вакцина шығаратын зауытқа кім жауапты

Қазақстандық вакцина шығаратын зауытқа кім жауапты
ашық дереккөзі
Қазақстандық вакцина шығаратын зауытқа кім жауапты
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандық вакцина шығару бойынша Жамбыл облысында салынып жатқан зауытқа кімнің жауапты екенін сынға алды. «Министрліктердің қайсысы бұл зауыт үшін жауапты? Ленталары қиылды, Алексей Владимирович (Алексей Цой – денсаулық сақтау министрі – ред.) PR науқанын жүргізді. Енді, зауытта қашан өнеркәсіптік өндіріс басталады? БҒМ «менікі емес» деп отыр. Цой мырза «тек тұтыну мен ұйымдастыруды» айтады. Сонда кім жауапты?», - деді Н. Нығматулин Мәжілістің жалпы отырысында. Аталған жұмыстармен айналысып жүрген Ералы Тоғжанов іссапарда болғандықтан, сұраққа Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов жауап берді. «Сұрау Үкіметке салынатын болады. Үкіметте Премьер-Министр орынбасары Ералы Тоғжанов айналысып жүр. Министрлер арасында – Білім және ғылым министрлігі. Қазір барлық техникалық жұмыстарын әкімдік жүргізеді. Олар техникалық бөлігін бітірген соң, Білім және ғылым министрлігінің балансына беріледі», - деп жауап берді Ә. Смайылов. «Әзірге өздеріңізге де түсініксіз болып отырғанын көрдік. Әлихан Асханұлы (Смайылов – ред.), үлкен өтініш, «қойшы көп болса, қой арам өледінің» кері болмасын. Бұл өте маңызды жоба. Халық, қоғам вакцинаны күтіп отыр. Қанша мәлімдеме жасалған соң, енді ұйымдастыруды қолға алыңыздар. Әлихан Асханұлы Үкіметтің жауапты екенін айтты. Үкіметте де нақты адамдар бар. Сіздер сұраған қаражат берілді. Енді тағы қосымша сұрап отырсыздар, тағы бөлініп жатыр. Бәрі өздеріңізге байланысты, уақыт жылдам өтеді де кетеді», - деді Нұрлан Нығматулин.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар