Жаңалықтар

Қазақстаннан Еуропаға жаңа әуе рейсі ашылады

The final spritzer

Министрлік ұшу бағыттарын кеңейту және қолданыстағы рейстер санын арттыру бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келеді

Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Осылайша, 27 мамырдан бастап "SCAT" әуе компаниясы Шымкент – Будапешт бағыты бойынша жаңа рейс ашуды жоспарлап отыр. Бұл рейстер "Boeing 737" әуе кемесінде аптасына екі рет (сейсенбі және сенбі күндері) орындалады.

Әуе байланысының ашылуы Қазақстан мен Венгрия арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік қатынастардың дамуына үлкен серпін береді деп күтілуде.