сенбі, 24 мамыр, 2025 0:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстаннан Иорданияға тікелей рейс ашылады

Қазақстаннан Иорданияға тікелей рейс ашылады
Фото: gov.kz
Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Иордания Хашимит Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Хамза Әл-Омари мырзамен кездесті.

Royal Jordanian 2026 жылдан бастап Қазақстанға тікелей рейстерді бастауды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылдың ақпан айында Иордания Хашимит Корольдігіне жасаған ресми сапары аясында Иордания тарапы Қазақстанмен тікелей әуе қатынасын орнатуға қызығушылық білдірді.

Кездесу барысында екі ел өкілдері әуе қатынасы туралы келісімге қол қою мүмкіндігін талқылап, тікелей рейстер ашу мәселесін көтерді. 

Royal Jordanian әуе компаниясының өкілі Хамза Әл-Омари мырзаның айтуынша, компания 2026 жылдың маусым айынан бастап Қазақстанға аптасына екі рет тұрақты рейс орындауды жоспарлап отыр.

Қазақстан тарапы бұл бастаманы қолдап, қолданыстағы халықаралық келісімдер аясында қажетті көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.

Сонымен қатар, тараптар елдер арасындағы теңіз кемелерінің экипаж мүшелерінің дипломдарын өзара тану туралы келісімге қол қою мерзімдері туралы келісті.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар