Қазақстанның 842 азаматы шетелдегі түрмелерде жазасын өтеп жатыр
Қазақстанның 842 азаматы шетелдегі түрмелерде жазасын өтеп жатыр
Қазақстанның 842 азаматы шетелдегі түрмелерде жазасын өтеп жатыр. Бұл туралы елдің сыртқы істер министрлігі Halyq Uni ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді.
Қазақстан 21 мемлекетпен сотталған адамдарды беру туралы шарт жасасқан. Ол елдердің арасында Әзербайжан, Украина, Түрікменстан, Қытай, Испания, Түркия, Италия, Венгрия, Румыния, Үндістан, Иран, Сербия, Сауд Арабиясы, Литва, Иордания, Моңғолия, Бразилия, БАӘ, Оңтүстік Корея, Болгария, Солтүстік Македония бар. Бас прокуратураның хабарлауынша, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. СОТТАЛҒАН АДАМДАРДЫ БЕРУ ТӘРТІБІ ҚАНДАЙ? Сотталған адамды берудің тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік кодексiнің 604, 608-бабында көрсетілген. Сондай-ақ Қазақстан ратификациялаған халықаралық келісімдерге сүйенеді. Жазасын шетелде өтеп жатқан азамат Қазақстанға берілгеннен кейін үкімді орындаушы тарап (Қазақстан) өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес үкім шығарушы тараптың (сотталушыны беруші мемлекет) сот үкімінің орындалуын қамтамасыз етеді.
Егер жасалған қылмыс үшін бас бостандығынан айырудың шекті мерзімі біздің ұлттық заңнамамыз бойынша аз болса, онда Қазақстан соты дәл осындай қылмыс жасағаны үшін көзделген бас бостандығынан айырудың ең жоғары мерзімін белгілейді.
Сотталғандарды беру талаптары қандай:- Ең алдымен азаматтығы болуы қажет;
- Кемінде бір жыл жазасын өтейтін уақыты қалуға тиіс;
- Қос ел де беруге келісуі қажет.
- Ел егемендігі мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін болса;
- Ұлттық заңнамаға қайшы келсе;
- Қаржылай қарыздары сақталса;
- Сот процесі немесе тергеу әлі жүріп жатса.
Айта кетейік, 18 қаңтарда Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Өзбекстан сотталғандарды қайтару туралы келісімді ратифицикациялады. Соған сәйкес Өзбекстанда сотталған 20 қазақстандық жазасын өз елінде өтеуі мүмкін.