Жаңалықтар

Қазақстанның алты облысында электр желісіндегі апатқа байланысты жарық өшті

Қазақстанның алты облысында электр желісіндегі апатқа байланысты жарық өшті

Апат салдарынан "Екібастұз-Ағадыр" электр желісі өшірілген. Қазір Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды облыстарында электр энергиясына шектеу енгізілді. "KEGOC" АҚ электр желісінің апатқа қарсы автоматикасы штатты режимде іске қосылып, Қазақстанның орталығы мен оңтүстігіндегі тұтынушыларда жарықтың толықтай сөнуінің алдын алды", – делінген хабарламада. Қазір жарық сөндірілген тұтынушыларға электр энергиясын қайтару бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Желідегі зақымдарды анықтау және жөндеу үшін бригадалар жіберілген.