Жаңалықтар

Қазақстанның бастамасымен ТМД волонтерлер форумы құрылады

The final spritzer

Алматыда Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті

 Кеңейтілген форматта форум құру мәселесі бойынша мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова сөз сөйледі, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, ТМД волонтерлер форумын құру мәселесін ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жастар жөніндегі Кеңесі енгізді, ол Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2023 жылғы қазанда ТМД мемлекеттері басшылары Кеңесінің отырысында айтқан ұсынысын қолдады.

Форум тәжірибе алмасуға, волонтерлер қозғалысын дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған жылсайынғы іс-шараға айналады деп болжануда. Бұл алаңды ТМД елдері кезекпен ұйымдастырады.

Қазақстан волонтерлік саласында халықаралық іс-шараларды өткізуде айтарлықтай тәжірибеге ие.  

2023 жылы Астанада волонтерлердің халықаралық форумын өткізу жарқын мысалдардың бірі болып табылады. Өткен жылдың қазан айында Астанада АӨСШК волонтерлер слеті өтті. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы 2026 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы волонтерлерінің бірінші форумын өткізуге дайын екендігін білдіреді. Жастар жөніндегі кеңес Қазақстанның бұл бастамасын қолдады.