Жаңалықтар

Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

The final spritzer

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның бірқатар аймағында тұман түсіп, көктайғақ болады және жел күшейеді

Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

15 ақпанда түнде Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, таулы аудандарда қатты қар, күндіз облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында          15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.

Таразда 15 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Алматыда 15-17 ақпанда түнде және таңертең кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Ал Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі.  Облыстың солтүстік-шығысында, орталығында тұман күтіледі.