Қазақстанның бірден бірнеше елдімекенінде жер сілкінісі тіркелді
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 сәуір, 2025
- 1.0k
13 сәуірде таңертең Тәжікстанда болған жер сілкінісін Қазақстанның бірнеше елдімекендерінің тұрғындары да сезді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Zakon.kz сілтеме жасап
Жер сілкінісінің ошағы тәжік қаласы Худжандтан 170 шақырымда және Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 673 шақырым жерде орналасқан. Қазақстанның оңтүстігіндегі бірнеше ірі қалалар мен 10-нан астам ауыл-аймақ тұрғындары екіден үш балға дейінгі жер сілкіністерін сезінді.
Бұл туралы ҚР ТЖМ мәліметтер ұсынды:
Мырзакент – 3 балл;
Жетісай – 3 балл;
Абай - 3 балл;
Сарыағаш қаласы – 3 балл;
Қазығұрт – 3 балл;
Шардара қаласы – 3 балл;
Леңгір қаласы – 3 балл;
Сайрам – 3 балл;
Шымкент қаласы – 3 балл;
Манкент - 3 балл;
Аксукент – 3 балл;
Тұрар Рысқұлов – 3 балл;
Бауыржан Момышұлы – 3 балл;
Арыс қаласы – 3 балл;
Темирлановка – 3 балл;
Тараз қаласы – 3 балл;
Сарыкемер – 3 балл;
Асы – 3 балл;
Құлан – 2 балл;
Мерке – 2 балл;
Қаратау қаласы – 2 балл;
Шаян – 2 балл;
Шәуілдір – 2 балл;
Жанатас қаласы – 2 балл;
Түркістан қаласы – 2 балл;
Қордай – 2 балл;
Кентау қаласы – 2 балл;
Шолаққорған – 2 балл;
Шорнақ - 2 балл;
Шу қаласы – 2 балл;
Төле Би – 2 балл;
Мойынқұм – 2 балл;
Жаңақорған – 2 балл.
Сондай-ақ Тәжікстанда болған жер сілкінісі толқындарын Өзбекстан мен Қырғызстанның да бірқатар елдімекендерінде сезілгені айтылады.






