сейсенбі, 14 қаңтар, 2025 23:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанның екі қаласында Ozon және Wildberries маркетплейстерінің орталығы салынады.

Қазақстанның екі қаласында Ozon және Wildberries маркетплейстерінің орталығы салынады.
Фото: Асқар Ахметуллин
Жаңа қазақстандық маркетплейсте 10 мың адам жұмыспен қамтылмақ

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев электрондық сауда инфрақұрылымы дамып жатқанын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

"Меншікті инфрақұрылымы 100 мың шаршы метр болатын Teez жаңа қазақстандық маркетплейс іске қосылды, жақын арада 10 мың жұмыс орны құрылады. Инвестиция көлемі – 50 миллион доллар. Сондай-ақ, осы жылы Ozon және Wildberries маркетплейстер Астана және Алматыда инвестиция көлемі 101,3 миллиард теңге болатын жалпы ауданы 291 мың шаршы метр 3 орталық салу жоспарлануда. Трансшекаралық электрондық сауданы ынталандыру мақсатында өткен жылдың 6 қарашасында Бішкек қаласында, Түркі мемлекеттерінің ұйымы шеңберінде Үкіметаралық Келісімге қол қойылды", – деді Арман Шаққалиев.

Бүгінде электрондық сауда саласында халықаралық құжаттарды әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл Дүниежүзілік сауда ұйымы, Еуразиялық экономикалық одақ, Шанхай ынтымақтастық және Орталық Азия аясында жүзеге асырылуда.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар