Қазақстанның фармацевтика өндірісінің көлемі 14,8% өсті
- авторjambylinfo.kz
- 14 тамыз, 2024
- 429
Осы жылдың алғашқы жартыжылдығында отандық фармацевтикалық өнімдер өндірісінің көлемі 95 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14,8% көп, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Денсаудық сақтау министрлігінің мәліметінше, мемлекеттік қолдаудың арқасында қазақстандық фармацевтикалық компаниялардың өнімдеріне деген тұрақты сұранысты қамтамасыз етіп, өндіріс көлемін арттырды.
«Биыл 1054 дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың шектік бағасы бекітілді. Негізгі өндіріс орындары Шымкент, Алматы қалалары, сонымен қатар Алматы, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында орналасқан. Бұл өңірлерде қант диабеті, жүрек-қан тамырлары және онкология сияқты әлеуметтік маңызды ауруларды емдеу үшін өмірлік маңызға ие өнімдер шығарылады. Бұған қоса, отандық кәсіпорындар рентген аппараттарын, ультрадыбысты және зертханалық жабдықтар, медициналық бұйымдар, хирургиялық оталар мен зертханаларға және т.б. арналған бұйымдар шығарады",-деп жазылған ведомстованың хабарламасында.
Сондай-ақ, «Ауылдың денсаулық сақтау саласын жаңғырту» Ұлттық жобасын жүзеге асыру шеңберінде бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) нысандарын жабдықтау барысында отандық өнімдерге басымдық берілетінін де атап өткен жөн. Қазіргі таңда осы нысандар үшін қарастырылған жабдықтардың 72%-дан астамы Қазақстанда өндіріледі.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз