Жаңалықтар

Қазақстанның лотоклубтарында VIP-клиенттерге интимдік қызмет ұсынғандар қолға түсті

Қазақстанның лотоклубтарында VIP-клиенттерге интимдік қызмет ұсынғандар қолға түсті

Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан бойынша 326 лотоклубтың қызметін тоқтатып, заңсыз ойыннан басқа бірнеше ауыр қылмыстардың бетін ашқан, деп хабарлайды jambylinfo. Polisia.kz сайтының мәліметінше, бірнеше күн бұрын Ішкі істер министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Бас прокуратураның үйлестіруімен желісін лотерея клубтарының атын жамылып жұмыс істеген онлайн-казинолардың желісін жойған. Өте ірі операцияға үш мыңнан астам қызметкер тартылып, 400 адам полицияға түскен. ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыстың айтуынша, қолға түскен адамдардың арасында шетел азаматтары да бар. «Назарға криминалитет өкілдері де түсті, олар осы лоторея клубтарына қылмыс жолымен ықпал етіп, қамқорлық танытқан, сондай-ақ лото клуб қызметкерлері мен клиенттеріне қатысты қылмыстар жасаған. Заңсыз ойын қызметінен басқа, VIP-клиенттерге интимдік қызмет ұйымдастыру, жеңгетайлық жасау және есірткі заттарын пайдалану фактілері тіркелді. Арнайы операция барысында полицияға 400-ден астам адам жеткізілді. Негізгі қылмыстық схеманы ұйымдастырған сегіз адам, оның ішінде алыс және жақын шетел азаматтары ұсталды», - Қуандық Алпыс. Осылайша, осы операцияның аясында республика бойынша лото клубтарға 570 тінту жасалған. 23 атыс және травматикалық қару, 247 млн теңге, 55 млн рубль, 125 мың доллар, компьютерлік техника, мобильді құрылғылар, сондай-ақ басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленген. «Ел бойынша барлығы 326 лотоклубтың жолы кесілді. Шетелден онлайн-казино тарататын серверлер анықталып, бұғатталды. Әкімшілердің ойын барысына ықпал етіп, реттеп отырғаны белгілі болды. Бұрын жүргізілген сараптамалар ұсталған адамдардың заңсыз әрекеттерін растады», - дейді Қуандық Алпыс.