Жаңалықтар

Қазақстанның мектептерінде жаңа оқу жылында болатын өзгерістер

Қазақстанның мектептерінде жаңа оқу жылында болатын өзгерістер

2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап "көркем еңбек" пәні "бейнелеу өнері" және "еңбек"болып бөлінеді. 🔹2024 жылдан бастап "Қазақ тілі мен әдебиеті" пәні "Қазақ тілі" және "Қазақ әдебиеті"болып бөлінеді. 🔹Сондай-ақ,министрлікте аптаның үшінші дене шынықтыру сабағын кестеден алып тастау идеясы талқылануда. Себебі, спортзалдардың жетіспеушілігі байқалады. Алайда министр соңғы тармаққа қарсы. Өйткені, қазіргі балалар алдыңғы ұрпақтарға қарағанда айтарлықтай аз қозғалады. "Сол үшін, жаңадан соғылатын мектептерде бір-бірден емес, 3-4 спортзал салынатын шығар",- дейді Асхат Аймағамбетов.