Жаңалықтар

Қазақстанның су дипломаттары Еуропа мен Қытайда білім алып жатыр

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігі шетелдік серіктестермен бірлесіп су дипломатиясы саласындағы мамандарды даярлау жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Былтыр қараша айында қос дипломды магистратура бағдарламасы шеңберінде Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің 13 магистранты Корвинус университеті базасында білім алды.

2025 жылдың желтоқсанында қазақстандық су саласының мамандар тобы Бейжің қаласындағы Қытай халық университетінде дипломатиялық құзыреттерді дамытуға арналған курстардан өтті.

Сонымен қатар Делфт су білім беру институтымен (IHE Delft) бірлесіп жүзеге асырылып жатқан Young Water Diplomats (Жас су дипломаттары) бағдарламасы аясында қазақстандық мамандар Нидерландта білім алып жатыр.