сенбі, 15 наурыз, 2025 20:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанның ЖОО-ында жасанды интеллект бойынша 20 білім беру бағдарламасы енгізілді

Қазақстанның ЖОО-ында жасанды интеллект бойынша 20 білім беру бағдарламасы енгізілді
Фото: ortcom.kz
Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ведомстволық бағынысты ұйымдармен бірлесіп, KazLLM атты ірі тілдік моделін әзірлеуде, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бұл үшін қазақ тілінде 1 миллиардтан астам сөз қолданысы берілді. Министрліктің Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету департаментінің директоры Нұрсұлтан Махатовтың айтуынша, жобаны әзірлеуге 117 сарапшы, 40-тан астам ғылым кандидаты, PhD докторлары мен магистрлері тартылған. KazLLM моделін оқыту қазақ, ағылшын, орыс және түрік тілдерінде 148 миллиард токен негізінде жүргізілуде.

Сонымен қатар, министрлік жасанды интеллект саласында мамандар даярлау бойынша белсенді жұмыс істеуде. 2024 жылы «Жасанды интеллект негіздері» пәнінің мазмұны бекітіліп, ЖОО-ларда ЖИ-ді білім беру процесінде қолданудың жалпы қағидалары айқындалды. Жоғары білімнің мемлекеттік стандартына өзгерістер енгізіліп, барлық білім беру бағдарламаларына ЖИ бойынша құзыреттерді меңгеруге бағытталған пәндер қосылды. Нәтижесінде, еліміздің 20 жоғары оқу орнында жасанды интеллект бойынша 20 білім беру бағдарламасы іске қосылып, қазіргі таңда 2196 студент білім алуда.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар