Жаңалықтар

Қазақта гендер патидің орнына “Құрсақ шашу”, цветная вечеринканың орнына “Бастаңғы” бар - Тұрар Сәттарқызы

Қазақта гендер патидің орнына “Құрсақ шашу”, цветная вечеринканың орнына “Бастаңғы” бар - Тұрар Сәттарқызы

Аға буынның міндеті - өскелең ұрпақ бойында қазақылық иммунитет қалыптастыру.Ұрпағымыз адаспасын десек, өзгеге еліктеуді қоюымыз керек! Бұл пікірді "Қара шаңырақ" ұлттық тәрбие беру мектебінің жетекшісі - тарихшы, журналист, қоғам қайраткері Тұрар Сәттарқызы Facebook парақшасына жазды, деп хабарлайлды “Адырна” тілшісі.

Сондай-ақ, ол “Цветная вечеринка” шеттен әдейі ЛГБТ-ны жарнамалауға, жастардың көзін де, өзін де үйретуге келген дүние сияқты екенін айта кетті.

Сонымен қатар, Тұрар Сәттарқызы қазіргі аяғы ауырлаған келіншектірдің ішін көрсетіп  суретке түсетінін сынға алды. 

Одан бөлек, журналист қазақта керемет салт-дәстүрдер барын және тәрбиелік мәні барын айта кетті.