Жаңалықтар

Қазақтан шыққан алғашқы кәсіпқой боксшы өмірден озды

Қазақтан шыққан алғашқы кәсіпқой боксшы өмірден озды

Тоқсаныншы жылдар басындағы кәсіпқой боксшы Есболат Нұрманов 53 жасында қайтыс болды. Ол отандық былғары қолғап шеберлері арасында кәсіпқой боксқа алғаш болып қадам басқан, деп хабарлайды Жамбылинфо El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Есболат Нұрмановтың бақилық болғанын Ғ.Мүсірепов атындағы қоғамдық қордың директоры Ғабиден Жәкей мәлімдеді.

Есболат Нұрманов (29.02.1970 ж. - 4.12.2023 ж) кәсіпқой бокста 7 жекпе-жек өткізген. Ол 1993 жылдың 27 наурызында Украинаның Мариуполь қаласында израильдік боксшыға қарсы алғашқы кездесуін өткізді. Оның соңғы жекпе-жегі 1995 жылдың 9 желтоқсанында литвалық боксшымен болған.