дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 13:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақ тіліне деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді- Президент

Қазақ тіліне деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді- Президент
AQORDA (ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ)
Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілі мәселесіне де тоқталды.

«Келесі мәселе. Тіліміздің қолдану аясын кеңейте түсу мемлекеттік саясаттың басты бағыты болып қала береді. Бұл – біз үшін мызғымас ұстаным.

Елімізде қазақ тіліне деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді. Қазақ тілі бизнестің, ғылым мен техниканың тіліне айнала бастады. Бұл үрдісті одан әрі дамытудың ең тиімді әрі төте жолы – ағартушылық.

Қазір ірі кітап дүкендерінде қазақ тіліндегі туындылардың үлесі арта түсті. Соңғы кезде баспагерлердің жаңа буыны әлемдік бестселлерге айналған шығармаларды аударып жүр. Көптеген кітаптарды шығарып жатыр. Аударылған кітаптардың ішінде көркем әдебиет қана емес, іскерлік бағыттағы туындылар да көп. Мемлекеттік саясаттың мәні – осында.

Ешкімді мәжбүрлемей, күнделікті өмірдегі қажеттілікті арттыру арқылы тіліміздің тұғырын нығайта береміз. Мемлекеттік тілге қатысты құр сөзден ештеңе шықпайды. Ең бастысы, нақты іс болуы керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Диана Орынбасар
Автор

Диана Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар