дүйсенбі, 17 наурыз, 2025 10:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бүгін Қазақтың даңқты режиссері Шәкен Аймановтың туған күні

Бүгін Қазақтың даңқты режиссері Шәкен Аймановтың туған күні
Ашықдереккөз
1984 жылы «Қазақфильм» киностудиясына оның есімі берілді

Қазақтың даңқты режиссері Шәкен Аймановтың туған күні, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ол режиссер ретінде ғана емес, театр мен кино сахнасында актер ретінде де танымал болды.

Шәкен Кенжетайұлы Айманов  - 1914 жылы 15 ақпанда Павлодар облысында дүниеге келген. Семей мұғалімдер техникумында оқып жүргенде, Алматыдағы Қазақ драма театрына шақырылып, 1933 жылдың маусым айында театрға жұмысқа қабылданады.


Ол алғашында Грамофонов (К.Погодин «Менің досым»), Қодар, Алдар көсе (Ш.Құсайынов «Алдар Көсе»), Исатай (I.Жансүгіров «Исатай - Махамбет»), Кассио (У.Шекспир «Отелло») рөлдерін ойнады. Көп ұзамай Тихон, Великанов (А.Островский «Таланттар мен табынушылар», «Найзағай»), Шадрин (К.Погодин «Мылтықшы адам»), Кидд (Б.Лавренов «Америка дауысы»), Бретт (Дж.Гоу, А.Дюссон «Терең тамырлар»), Хлестаков (Н.Гоголь «Ревизор»), Казанцев (М.Әуезов «Түнгі сарын») сияқты классикалық  рөлдерді сомдады.

Аяжан Дәулетбекқызы
Автор

Аяжан Дәулетбекқызы

Аяжан Дәулетбекқызы

Ұқсас жаңалықтар