Қазақтың ұлттық киімі Гиннестің рекордтар кітабына енді

Бұл шарада бес мыңнан астам адам қазақтың ұлттық киімін киді
Қазақтың ұлттық киімі Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Jambylinfo baq.kz cілтеме жасап
Ақтауда өткен шарада бес мыңнан астам адам қазақтың ұлттық киімін киіп жиналып, “Ұлттық киімдегі ең үлкен жиналыс” аталымы бойынша әлемдік рекорд орнатты.
Рекордты ресми түрде тіркеу үшін Лондондағы Гиннес рекордтар кітабының штаб-пәтерінен арнайы қазылар алқасы келді.
Қатысушылар таңғы 9-дан бастап жинала бастаған. Сағат 11:00-де ұйымдастырушылар төрт мың адамды санады, ал 12:01-де қатысушылар саны бес мыңнан асып, рекорд тіркелді. Комиссия мүшелері бұл жетістікті растаған соң арнайы сертификат табыстады.