жұма, 22 қараша, 2024 15:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Азамат Сатыбалды басқаратын «Қазақфильм-нің» қызметкерлері бір жылдан бері еңбекақыларын ала алмай жүр

Азамат Сатыбалды басқаратын «Қазақфильм-нің»  қызметкерлері бір жылдан бері еңбекақыларын ала алмай жүр
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Анимация бөлімінің мамандарына 500 миллион теңге берешек бола тұра, басшылық анимация бөлімін жауып тастаған

Бір жылдан бері отандық аниматорлар   еңбекақысын ала алмай жүр. «Қазақфильм» киностудиясының президенті Азамат Сатыбалды бұл мәселеге қатысты түсініктеме бермей отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. "КТК" телеарнасына сілтеме жасап. 

Мамандардың бір жыл уақытын алған «Алтын адам» атты толық метрлі мульт жобасы былтыр толық аяқталған. 
Бірақ мемлекеттен бөлінген тиісті қаражат әлі күнге дейін қызметкерлерге берілмеген.

«Алтын адам» жобасында былтыр тамыз айынан бері біздің ұжым яғни суретшілер, аниматорлар еңбекақысын ала алмай келе жатыр. Мұнда 5 миллионнан бастап, 3 миллионға дейін жұмыс істеген мамандар бар. Алатын жұмысымыздың ақшасы осы бір жерде ғана. Біз сыртта жұмыс істемейміз. Еңбекақымызды берсін. Бұл жерде бәрімізде келісімшарт бар. Заңды түрде істегенбіз. Қағаз бар. Бір тиынымызды қалдырмай төлесін, – дейді анимация бөлімінің қызметкері Жанәділ Байдарбеков. 

Ал "Қазақфильм» киностудиясының президенті Азамат Сатыбалды ұшты-күйлі жоқ. Jambylinfo. kz. тілшісі де қоңырау соқтық.Телефоны сөндірулі. Алайда орынбасары «Алтын адам» жобасы бойынша 88 миллион теңге қарызы бар екенін растаған. 

— «Алтын адам» жобасы бойынша жағдай былай. Бізде Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығымен келісімшарт болды. Олар мультфильмге 2020 жылы тапсырыс берген. Біз туындыны 100 пайыз жасап жібергенбіз. Бірақ тапсырыс беруші қабылдамады. Қазір осыған қатысты сот ісі жүріп жатыр – деді ол.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар