Жаңалықтар
Азаматтардың қауіпсіздігі – партия жоспарының негізгі өзегі - Дауыл Ынтықбайұлы
- авторjambylinfo.kz
- 22 маусым, 2023
- 319
Азаматтардың қауіпсіздігі – партия жоспарының негізгі өзегі - Дауыл Ынтықбайұлы
"Amanat" партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов БАҚ өкілдерімен баспасөз конференциясын өткізіп, бірқатар мәселелерге жеке тоқталды.
Бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысында жергілікті маңызы бар жолдардың қанағаттанарлық жағдайы 97 пайызды құрап отыр. Оның ішінде облыстағы ауылішілік жолдардың 18 пайызы көңіл көншітпейді. Партия 2027 жылға дейін жергілікті маңызы бар 53 шақырым жол құрылысын реконструкциялауға және 1 мың шақырымнан асатын жергілікті маңызы бар жолдарға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал ететін болады. Сондай-ақ, 1 мың шақырымнан кем емес ауыл ішіндегі жолдарды жөндеуге, Тараз қаласының автобус парктерін 70 жаңа автобустар сатып алу арқылы жаңартуға күш салмақ.Аталған шаралар 2027 жылы жергілікті маңызы бар автожолдардың сапасын 97 пайыздан 99,5 пайызға көтеруге себеп болады, — дейді Дауыл Ынтықбайұлы.Төраға өз баяндамасында халықты ауыз сумен қамту мәселесіне де арнайы тоқталды.
Сонымен қатар 2024 жылы Сарысу ауданында жаңартылатын энергия көздері бойынша қуаттылығы 100 МВт болатын жобаның бірінші кезенін аяқтауға атсалысады. Аталған шаралар жүзеге асқан кезде облыс тұрғындары, ауыл тұрғындары 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі, — деді ол.Электр, жылумен жабдықтау және кәріз желілерін жөндеу Облыста электр көзімен жабдықтау құрылғылары 78,8%, жылумен қамтамасыз ету құрылғылары 56,5%, су қалдықтары ағатын құрылғылар 38,1% тозығы жеткен. «AMANAT» партиясы электр желілері, жылу жүйесі, су қалдықтары ағатын құрылғыларын жөндеу жұмыстарын өз бақылауына алады. 2027 жылға дейін 26,8 шақырымнан астам жылу желілерін күрделі жөндеу және жаңғырту жұмыстарын жүргізіледі. Сонымен қатар 1,2 мың шақырым электр желілеріне күрделі жөндеу және жаңғырту жұмыстары іске асырылады. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Азаматтардың қауіпсіздігі – партия жоспарының негізгі өзегі.Біз бейнебақылау санын көбейтуге, өрт сөндіру бекеттерінің санын арттыруға, төтенше жағдайларды алдын алуға қол жеткіземіз. Ол үшін жыл сайын 11 қала және ауыл көшелерін жарықтандырылып отыратын болады. Сондай-ақ, алдағы 5 жылда 15 өрт сөндіру бекетінің құрылады. Партия тарапынан Тараз қаласы, Байзақ, Жамбыл аудандарында Талас өзенінің жағасын нығайту жұмыстарын жүргізуге атсалысамыз. Нәтижесінде жылумен жабдықтау желілерінің тозуы 36% -ға (2023 жылы 40,3%, 2024 жылы 38,7%, 2025 жылы 37,2%, 2026 жылы 36,5%, 2027 жылы 36%), ал электрмен жабдықтау желілерінің тозуы 54% — ға дейін төмендейді, — деді облыстық партия филиалының төрағасы.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала