Азаматтардың қауіпсіздігі – партия жоспарының негізгі өзегі - Дауыл Ынтықбайұлы
Азаматтардың қауіпсіздігі – партия жоспарының негізгі өзегі - Дауыл Ынтықбайұлы
"Amanat" партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов БАҚ өкілдерімен баспасөз конференциясын өткізіп, бірқатар мәселелерге жеке тоқталды.
Бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысында жергілікті маңызы бар жолдардың қанағаттанарлық жағдайы 97 пайызды құрап отыр. Оның ішінде облыстағы ауылішілік жолдардың 18 пайызы көңіл көншітпейді. Партия 2027 жылға дейін жергілікті маңызы бар 53 шақырым жол құрылысын реконструкциялауға және 1 мың шақырымнан асатын жергілікті маңызы бар жолдарға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал ететін болады. Сондай-ақ, 1 мың шақырымнан кем емес ауыл ішіндегі жолдарды жөндеуге, Тараз қаласының автобус парктерін 70 жаңа автобустар сатып алу арқылы жаңартуға күш салмақ.
Төраға өз баяндамасында халықты ауыз сумен қамту мәселесіне де арнайы тоқталды.Облыстағы 367 елді мекеннің 285-і (77,7пайыз) орталықтандырылған таза ауыз сумен қамтылған, 82-і (22,3 пайыз) тасымалданады. Партия таза сумен қамту мәселесін шешуге үлес қосады. Нақтырақ айтқанда, 57 елді мекенді орталықтандырылған таза ауыз сумен қамтамасыз етуге (2023 жылы 32, 2024 жылы 7, 2025 жылы 18 елді мекен)ықпал етпек.
Электр, жылумен жабдықтау және кәріз желілерін жөндеуОблыста электр көзімен жабдықтау құрылғылары 78,8%, жылумен қамтамасыз ету құрылғылары 56,5%, су қалдықтары ағатын құрылғылар 38,1% тозығы жеткен. «AMANAT» партиясы электр желілері, жылу жүйесі, су қалдықтары ағатын құрылғыларын жөндеу жұмыстарын өз бақылауына алады. 2027 жылға дейін 26,8 шақырымнан астам жылу желілерін күрделі жөндеу және жаңғырту жұмыстарын жүргізіледі. Сонымен қатар 1,2 мың шақырым электр желілеріне күрделі жөндеу және жаңғырту жұмыстары іске асырылады. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету