Жаңалықтар

ҚазАвтоЖол: ауа райына байланысты республикалық автожолдарда шектеу енгізіледі

Көлік қозғалысына шектеу қою туралы шұғыл ақпарат.

Елімізде кей республикалық автожолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізіледі. Оған ауа райының қолайсыздығы себеп, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  ҚазАвтоЖол-ға сілтеме жасап.

"ҚазАвтоЖол" АҚ мәліметінше, 14 қаңтар сағат 16:00-де ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі:

Ақтөбе облысы:

"РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолының 965-1240 шақырым аралығы (Қарабұтақ ауылы – Қызылорда облысы шекарасы).

Қызылорда облысы:

"РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолының 1240-1362 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысы шекарасы – Арал қаласы).

Жолды 2026 жылғы 15 қаңтар сағат 00:00-де ашу жоспарланған.

Компания өкілдері көлік жүргізушілеріне 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болатынын ескертті.

Бұған дейін 14 қаңтар сағат 13:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар Ақтөбе – Атырау – РФ шекарасы" автожолының 104-337 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласынан Атырау облысының шекарасына дейін) және Ақтөбе облысының шекарасынан Сағыз елді мекеніне дейін) көлік қозғалысы шектелді.