«Қазгеология» ұлттық компаниясының басшылығы күдікке ілінді
«Қазгеология» ұлттық компаниясының басшылығы күдікке ілінді
Антикор лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Мекеме басшылығы 2017-2019 жылдар аралығында басқарма төрағасы, 3 орынбасары мен бас геологтың жалақысын 2 есе ұлғайтты деген күдікке ілінген. Жалақы, бонустар мен демалыс кезіндегі материалдық көмек сомасы 169 млн теңгеден асады. Компания 100 пайыз мемлекетке тиесілі.