ҚАЖ департаменті 9 айдың қорытындысын шығарды
ҚАЖ департаменті 9 айдың қорытындысын шығарды
Жиын барысында ҚАЖ қызметінің үстіміздегі жылдың 9 айындағы негізгі көрсеткіштер айтылды. Жедел-қызметтік және өндірістік-шаруашылық, қаржылық қызметтерінің қорытындылары шығарылды. Осылайша, 4-ші тоқсанда әр бөлімге тиесілі міндеттер бөлінді. Бұдан бөлек, заңдылық пен құқықтық тәртіптің сақталуы, кадр және тәрбие жұмысы, жеке құрам қызметкерлерімен қоса арнайы контингентті психологиялық қамтамасыз ету сынды көптеген мәселелер талқыға түсті. - Бүгінгі басқосуда ҚАЖ саласының барлық бағыттары бойынща орын алған кемшіліктер айтылды. Оларды қысқа мерзімде жою шаралары қарастырылды. Бастысы, міндет – айқын, талап – қатаң. Әрбір басшы, әрбір қызметкер мұны жадында сақтауы тиіс. Міндетті мінсіз атқару – бәріміздің ортақ парызымыз, - деді жиын қорытындысында Нияз Қанатұлы.