дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 2:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ҚАЖ қызметкері «Күміс алқа» иегері

ҚАЖ қызметкері «Күміс алқа» иегері
ашық дереккөзі
ҚАЖ қызметкері «Күміс алқа» иегері
Жуырда Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков жергілікті көпбалалы аналарға «Күміс алқаларын» табыс еткені белгілі. Салтанатты жиын барысында шаһар басшысы Бақытжан Әмірбекұлы сөз алып, аяулы аналарға ізгі тілегін арнады. Ол өз сөзінде мемлекет тарапынан демографиялық саясатқа айрықша мән берілгенін, нәтижесінде көне шаһардағы тұрғындар саны 430 мыңнан асып жығылғанын атап өтті. Жалпы, бұл күні 3 көпбалалы анаға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген «Күміс алқаға» ие болды. Марапатталған аяулы аналардың ішінде өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің қызметкері Кәмила Қарғабаева да бар. Айта кетейік, Кәмила Байқуатқызы аталған мекеменің тылдық қамтамасыз ету бөлімінде қойма меңгерушісі болып қызмет етеді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар