Жаңалықтар
Ажар Ғиният халықтың денсаулығы жақсарғанын айтты: өлім-жітім 28,5% азайған
- авторjambylinfo.kz
- 22 қараша, 2022
- 240
Ажар Ғиният халықтың денсаулығы жақсарғанын айтты: өлім-жітім 28,5% азайған
2022 жылғы 9 айда елімізде халықтың денсаулығы жақсарып, өлім-жітім көрсеткіші 28,5%-ға төмендеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлады Жамбылинфо Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.
Үкімет отырысында министр «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы туралы баяндады.
«Бүгін ауылда шамамен 8 млн адам тұрады. Бұл – Қазақстан халқының 41%-ы. Ауыл тұрғындарына 5 мыңнан астам (5397) медициналық ұйым медициналық көмек көрсетеді. Жалпы медициналық-демографиялық жағдай елімізде тұрақты. Ресми статистика бойынша халықтың денсаулығы жақсарып, 9 айда өлім-жітім көрсеткіші 28,5%-ға төмендеді. Былтырмен салыстырғанда жалпы ауыл тұрғындарының арасында да өлім-жітім көрсеткішінің 21%-ға төмендеуін байқаймыз», - деді Ажар Ғиният.
Ведомство басшысы ауыл халқы қандай ауру түрлеріне жиі шалдығатынын жеткізді.
Бірінші орында тыныс алу ағзаларының ауруы – 42,7%, (2021 жылы – 100 мың тұрғынға шаққанда 17 164,4), екінші орында ас қорыту – 9% (2021 жылы – 3 626,6), үшінші орында несеп, жыныс жүйелері тұр, - деді министр.Бүгінде ауылдарда 67 мыңнан аса медицина қызметкері, оның ішінде 13 мың дәрігер және 54 мың орта медицина қызметкері жұмыс істейді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Ауылдағы медицинаны дамыту үшін ұлттық жоба әзірленді
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Педагог категориясының өсуі жалақыға қаншалықты әсер етеді?
- авторjambylinfo.kz
- 24 қараша, 2024