Жаңалықтар
Ажар Ғиният Тараздағы бала сату оқиғасына пікір білдірді
- авторjambylinfo.kz
- 26 қаңтар, 2023
- 308
Ажар Ғиният Тараздағы бала сату оқиғасына пікір білдірді
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бала саудасымен күрес қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Жамбылинфо ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
«Менің ойымша, бізде мұндай жағдайлар шамамен бес жыл бұрын болған. Содан кейін бүкіл перинаталдық орталықтар мен перзентханаларға бейнебақылау орнаттық. Баладан бас тартқан аналардың жанында болатын мамандардың, психологтардың жұмысын ұйымдастырдық. Осындай нақты жұмыстар жүргізілді», - деді А. Ғиният.
Сонымен қатар министр Тараздағы оқиғаның мән-жайын нақты білмейтінін айтты.
«Барлық перзентханада бейнебақылау жүйесі орнатылған. Дәрігерлер палатадағы жағдайды қарап отырады. Алайда жақында болған оқиғаны назарға ала отырып, ел бойынша медициналық персоналмен тағы да тиісті жұмысты атқаратын боламыз», - деді министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Таразда жаңа туған сәбиді 1,5 млн теңгеге сатқан акушерлер қамауға алынды.
Биылғы 12 қаңтар күні аталған дерек бойынша ҚР ҚК 135-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталған.
Оның барысында 39 жастағы әйелдің жаңа туған қыз баланы акушерден 1,5 млн теңгеге сатып алғаны әшкере болған.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз