Жаңалықтар

"Ғажайып болмады". 3 күн іздеген 3 жасар Асылымның денесі табылды

Балақай көрші үйдің әжетханасына түсіп кеткен.

Қаралы хабарды журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі парақшасында жазған, -деп хабарлайды jambylinfo. kz. 

"Бүкіл ел уайымдап, дін-аман табылуына тілекші болып едік. Әттең-ай, ғажайып болмады. Қайғы жұтқан Асылымның ата-анасына, туыстарына, барша қазақ еліне көңіл айтамын. Жатқан жерің пейіш болсын, періште", -деп жазды ол. 

Сондай-ақ Гүлмира Әбіқай  ата-аналарға қарата: "аяғы шыққан, бірақ ес білмейтін балаларыңызды көзден таса қалдырмаңызшы, халайық", -деп жазған. 

Еске салайық, 16 мамыр күні таңертең Түркістан облысының Сарыағашқа жақын Сіргелі ауылында 3 жасар қыз бала із-түссіз жоғалып кеткен еді. Балақайды ауыл тұрғындары мен полиция қызметкерлері 3 күн бойы іздеген.