«Қазхром» кәсіпорнында тағы бір жұмысшы қаза болды
Компания ресми хабарлама таратты
Компанияға қарасты Дөң тау-кен байыту комбинатында биіктен құлаған жұмысшы ауруханада жатып көз жұмды деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«4 қараша күні «Қазхром»ТҰК» АҚ филиалы - Дөң тау-кен байыту комбинатында монтаждау жұмысын жүргізіп жатқан мердігер ұйымның қызметкері биіктен құлап кетті. Компания оған кәсіби медициналық көмек көрсету үшін бар күшін салды. Оның өмірі үшін дәрігерлер бірнеше күн бойы күресті. Өкінішке қарай, құтқару мүмкін болмады», – делінген кәсіпорын таратқан хабарламада.
Қазір оқыс оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.