Жаңалықтар

«Қазіргі уақытта үкіметтің істеп жатқан дүниесінің барлығы да тек салдармен күресу» -экономист

«Қазіргі уақытта үкіметтің істеп жатқан дүниесінің барлығы да тек салдармен күресу» -экономист

Қазіргі уақытта үкіметтің істеп жатқан дүниесінің барлығы да тек салдармен күресу. Осылай деп экономист Бауыржан Ысқақ елдегі қымбатшылыққа байланысты пікірін Жамбыл инфо тілшісіне берген сұхбатында айтты. « Қымбатшылық ең бірінші кезекте біздің импортқа тәуелділігіміз бәсеңдеген уақытта тоқтайды деп айта аламын. Қазір біздің ішкі сұранысымызды қанағаттандырып жатқан киім кешегіміз де, азық- түлігіміз де, басқа да қызметтердің барлығы да 70 пайызға дейін мына көршілес еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден келіп жатыр. Одан қала берді Түркиядан, тағы да басқа мемлекеттерден импортталуда. Яғни біз әлі де өзіміздің қалтамыздағы 100 теңгенің 70 теңгесін өзге мемлекеттің экономикасына құйып жатырмыз »,- дейді экономист. Ал, қымбатшылықтың алдын алу үшін қандай шараларды жүзеге асыру қажет деген сауалға сарапшы былай деп жауап берді: «Біз 70 пайызға дейін киім кешегіміз мен тамағымыздың барлығы мына көршілес ауылдардан, аудандардан келетін жағдайға жеткенде ғана қымбатшылықтың алдын аламыз. Өйткені, қазіргі уақыттағы үкіметтің істеп жатқан дүниесінің барлығы да тек салдармен күресу. Себептің түбіне біз әлі де үңіле қарап жатқан жоқпыз. Себеп сол - біздегі барлық шикізаттың басым бөлігі импорттық тауарлар. Импорттық тауарларға тосқауыл қоймайынша, өзіміздің отандық тауар өндірушілердің саны артпайынша бізде қымбатшылық та, инфляция да жүре береді».