бейсенбі, 19 маусым, 2025 2:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Азия чемпионаты: Қазақстан қыздар құрамасының барлығы топ жарды

Азия чемпионаты: Қазақстан қыздар құрамасының барлығы топ жарды
Фото: QAZSPORT
Бокстан Шри-Ланкада жастар арасында өтіп жатқан U22 Азия чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасы Азиядағы тарихи жетістік тіркеді.

Финалға шыққан ұлттық құрамамыздың 12 өкілі де қарсыластарын жеңіп, топ жарды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Чемпион атанған боксшылар:
• 48 келі – Айым Таңқыбаева
• 50 келі – Сила Биболсынқызы
• 52 келі – Рахмина Абдумежитова
• 54 келі – Жанель Имантаева
• 57 келі – Ақнұр Тұрсынғали
• 60 келі – Толғанай Қасымхан
• 63 келі – Алина Құдайгенова
• 66 келі – Ақбота Есімбекова
• 70 келі – Мария Сидоренко
• 75 келі – Зарина Толыбай
• 81 келі – Құралай Егінбайқызы
• +81 келі – Сабина Жақсылық

Бұл бәсекеде Азия құрлығынан 21 ел, Қазақстан, Ауғанстан, Аустралия, Бангладеш, Бутан, Камбоджа, Үндістан, Ирак, Қырғыз Республикасы, Сауд Арабиясы, Кувейт, Малайзия, Моңғолия, Палестина, Солтүстік Корея, Шри-Ланка, Сирия, Таиланд, Тәжікстан, БАӘ, Вьетнам құрамалары 12 салмақта жүлдені сарапқа салды.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар