жұма, 4 қазан, 2024 6:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Азия ойындары: қазақстандық спортшылар қалай өнер көрсетіп жатыр

Азия ойындары: қазақстандық спортшылар қалай өнер көрсетіп жатыр
ашық дереккөзі
Азия ойындары: қазақстандық спортшылар қалай өнер көрсетіп жатыр
Ханчжоудағы Азия ойындарының екінші күнінде Қазақстан спорттың 17 түрінен өнер көрсетті, деп хабарлайды Жамбылинфо Azattyq Ruhy. сайтына сілтеме жасап.
Prosports.kz жазуынша, отандық дзюдошылар Қазақстан қоржынына алғашқы медальдарды салды. Ескек есуден екі финал қазақстандықтар үшін сәтсіз аяқталды. Бессайысшылар да бізді медальмен қуанта алмады, жалғыз плюс – Елена Потапенконың Олимпиада лицензиясына ие болды. Үстел теннисінен екі командамыз жүлделі орындарға таласудан күдер үзді. Финалда жүзушілер Қазақстан рекордтарын жаңартты, бірақ медальға да, лицензияға да қол жеткізе алмады. Ал бүгін, яғни Азия ойындарының үшінші күнінде Қазақстан спорттың 19 түрінен өнер көрсетеді. Жағажай волейболынан ширек финалда қазақстандық дербиді көреміз. Дзюдо мен таэквондодан жүлде күтеміз. Ескек есуден екі финал өтеді. Боксшылар жекпе-жектерін өткізеді Сонымен қатар желкенді спорт, крикет, футбол, сепактакрау, скейтбординг, ат спорты және үстел ойындарында кездесулер өтеді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар