жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 16:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ғазиз Байтасовты әріптестері еске алды

Ғазиз Байтасовты әріптестері еске алды
ашық дереккөзі
Ғазиз Байтасовты әріптестері еске алды
Бүгін Жамбыл облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен «Халық Қаһарманы» Ғазиз Байтасовты және қызмет бабында қаза болған полиция қызметкерлерін еске алуға арналған іс-шаралар өткізілді. Іс-шара барысында Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сөнтаев, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Календеров, Полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин, ішкі істер органдарының ардагерлері және Ғазиз Байтасовтың отбасы мүшелерінің қатысуымен қызмет бабында қаза болған қызметкерлердің рухына тағзым етіліп, ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Жиналғандар батыр полицейлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. - Жалпы, Қазақстан полициясы құрылғалы бері облыс көлемінде қызмет бабында 71 полиция қызметкері қаза болыпты. Олардың әрқайсысы өз істерімен кейінгі жастарға, әріптестеріне антқа адалдықтың үлгісін көрсетті. Біз, әріптестеріміздің ел тыныштығы жолындағы көзсіз ерліктерін әрқашан үлгі етеміз, құрметтейміз. Осы мақсатта ҚР Ішкі істер министрлігінің тапсырысымен полиция капитанының ерлігіне арналған «Ғазиз» атты кітабы жарық көрді. Бұл өз кезегінде батыр есімінің ел есінде, тарихта қалуына аз да болса үлесін қосады деп есептеймін, – деді министрдің орынбасары Қайрат Иматұлы. - Біздің отбасымыз Полиция департаментіне, Ғазиздің әріптестеріне және оны еске алушыларға үлкен алғыс білдіреді. Сіздер, қиын сәттерде бізді қолдап, қамқорлық танытып, ерекше көңіл бөліп келесіздер, - деп сөз сөйледі батырдың жұбайы Гүлжамал Тәжиева. Содан кейін Ішкі істер министрінің орынбасары және облыстық ПД басшы құрамы мен қызметкерлері Ғазиз Байтасовтың шаңырағында болды. Одан соң полиция генерал-лейтенанты жаңа техникалармен жабдықталған, кең ауқымды мүмкіншіліктері бар бағдарламалармен қамтамасыз етілген Жедел басқару орталығының қазіргі жаңғыртылған жай-күйімен танысты. Сонымен қатар, Қайрат Сөнтаев Ғ.Байтасов атындағы оқу-жаттығу полигонына барып, арнайы техникалармен және құрал-жабдықтармен танысты, ПД-ның арнайы мақсаттағы бөліністерінің демонстрациялық қойылымдарын көрді. Бұдан бөлек, еске алу іс-шараларының аясында облыс көлеміндегі күш құрылымдарынан құралған 19 команда арасында шағын футболдан жарыс өткізіліп, велошеру ұйымдастырылды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар