дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 16:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазпоштада 273 миллион теңгеден аса қаржы ұрланған

Қазпоштада 273 миллион теңгеден аса қаржы ұрланған
ашық дереккөзі
Қазпоштада 273 миллион теңгеден аса қаржы ұрланған
Қазпоштада 270 миллион теңгеден аса қаржы ұрланғаны анықталды, - деп хабарлайды Жамбылинфо Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. "Қазпошта" АҚ-да ішкі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. 2023 жылдың қорытындысы бойынша бірқатар өңірде жалпы сомасы 273 миллион теңге болатын қаржылық заңбұзушылықтар анықталды. Қазір ішкі тексеру материалдары процестік шешім қабылдау және күдіктілерді жауапқа тарту, сондай-ақ, келтірілген шығын сомасын өтеу үшін экономикалық тергеу департаментіне жолданды. Заңбұзушылық деректері қатарында жымқыру, алаяқтық, ұрлық және заңсыз сыйақы алу да бар. Барлығы 7 өңірлік филиалда 11 қылмыстық іс тіркелді. "Қазпошта" АҚ орталықта және жергілікті жерлерде түрлі заңбұзушылық әрекеттермен күресті одан әрі жалғастырады және құқық қорғау органдарымен бұл бағыт бойынша бірлесіп жұмыс істейтін болады. Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/95693/
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар