Жаңалықтар

ҚазТемірТранс Қостанай филиалының директор сыбайлас жемқорлық үшін сотталды

ҚазТемірТранс Қостанай филиалының директор сыбайлас жемқорлық үшін сотталды

2022 жылғы 3 қазанда Қостанай қаласының №2 сотымен «Қазтеміртранс» АҚ Қостанай филиалының директоры Б. Усабеков пен «Вадиса М» ЖШС директоры С. Таировқа қатысты айыптау үкімі шығарылды.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққар қарсы әс-қимыл агенттігінің бапасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Сот үкімімен Усабековке орташа қауіпсіздік мекемесінде 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сол үкіммен Таировқа пара беру фактісі бойынша параның жиырма еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл тағайындалды, бұл 24 млн теңгені құрайды. Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.