Жаңалықтар

Бүгін қаңтар айындағы ҰБТ басталды

Бүгін қаңтар айындағы ҰБТ басталды

Ұлттық бірыңғай тестілеу 10 ақпанға дейін өткізіледі. Тестілеуге қатысуға 125 мыңға жуық өтініш түсті. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады. 💬«Бүгін 2023 жылғы алғашқы ҰБТ басталды. Біз тестілеу кезінде ғана емес, оған дайындық барысында да жағдай жасауды жалғастырамыз. Мысалы, 11 білім беру орталығы талапкерлерге тегін онлайн сабақтар өткізеді. Оқу жылының басында ҰТО сайтында «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» бойынша 100 дата, «Қазақ әдебиеті» және «Орыс әдебиеті» бойынша әдебиеттер тізімі, «Информатикадан» терминдер тізімі орналастырылды. Сондай-ақ ҰБТ сұрақтары мен тест жоспары құрастырылған оқулықтардың тізімі жарияланды. Яғни талапкерлерде тестілеуді сәтті тапсыру үшін барлық мүмкіндік бар», – деп атап өтті Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.