Жаңалықтар

Бүгін ғаламшарымыздың түкпір-түкпірінде дүниежүзілік "Рақмет" күні тойланады

Бүгін ғаламшарымыздың түкпір-түкпірінде дүниежүзілік "Рақмет" күні тойланады

Бұл айрықша мереке барша жұртқа жылулық пен қайырымдылық сыйлайды. Адамдар өте жиі қолданатын сөздің шын мәнісінде сиқырлы қасиеті бар – жақсы көңілкүй сыйлап, бір-бірімізді қуанышқа бөлеуге мүмкіндік береді. Қай елге болмасын саяхатқа шығар болсаңыз, кез келген жолсерік кітапшасында осы сөздің аудармасын таба аласыз. Психологтар да "рақмет" сөзіне ерекше мән береді: шын жүректен айтылса, адамды шаттыққа бөлеп, жан тыныштығын сыйлайды. "Рақмет" сөзі алғаш рет сөздікке 1586 жылы Францияда енгізілген. Шамамен сол кезеңде Русьте әдеби дереккөздерде қолданыла бастапты. Содан бері үш ғасыр өтсе де, "рақмет" сөзі адамдардың бір-біріне деген сыйластығын білдіретін әдеп нормасы болып саналады. Осы мейрамда айналаңыздағы барша жанға жиі алғыс білдіріңіз!