Бүгін Алаш арыстары негізін қалаған «Қазақ» газетінің жарыққа шыққанына 110 жыл
Бүгін Алаш арыстары негізін қалаған «Қазақ» газетінің жарыққа шыққанына 110 жыл
Оның айтуынша, «Қазақ» газеті жарық көрген күннен бастап ұлттың ең тағдыршешті де өткір мәсеселерін қаузады. - «Қазақтың тарихы», «Дін таласы», «Жер іздеген қазақтар!», «Қазақтан солдат ала ма?», «Земство не нәрсе?», «Ұры тию» секілді ұлттың жан-жүрегін сыздатқан өзекті тақырыптарды жұртпен бірге талқыға салды. Тарихқа қарап отырсақ, «Қазақтың» жалпы 266 нөмері жарық көріпті. Алғашқы 40 нөмірін Мұстафа Оразаев бастырса, 41 нөмірінен бастап «Азамат серіктігі» арқылы басылды. 1913 жылы 44, 1914 жылы 48, 1915 жылы 71, 1916 жылы 48, 1917 жылы 46, 1918 жылы 9 нөмірі жарыққа шықты. Соңғы №266 саны – 1918 жылы 26 қыркүйекте оқырман назарына ұсынылды. Тәуелсіз елдің бүгінгі баспасөзі де «Қазақ» газетінің азаткерлік ізімен ел қажетіне жұмыс істеп жатыр. «Қазақ газеттері» деген ардақты атты арқалаған жаңа құрылым да ата басылымның дәуірлік жүгін арқалап, болашақ үшін қызмет қылар деп сенеміз. «Қазақ» газетінің 110 жылдығы лайықты атап өтіледі. Шығатын ғылыми сараптамалар, архивтен алынатын тың материалдар мен түрлі телевизиялық түсірілімдер ұлт баспасөзі темірқазығының атын асқақтатары сөзсіз",- дейді Дархан Қыдырәлі.