Жаңалықтар

Бүгін Алматыда сейсмикалық жаттығу өтеді

The final spritzer

30 сәуір күні сағат 11:00-де Алматыда жоспарлы сейсмикалық жаттығу өткізіледі.

Бүгін Алматыда сирена ойнайды, қалада жоспарлы сейсмикалық жаттығу өтеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz  қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап almaty_akimat 

Жаттығу күні қаланың хабарлау жүйесі іске қосылады: сиреналық-дауыс құрылғылары жұмыс істейді, телеарналарда хабар тарату тоқтатылып, мобильді қосымшалар арқылы хабарламалар жіберіледі.

Бұған дейін ТЖД өкілдері "Бәрінің назарына" дыбыстық сигналы қауіп немесе төтенше жағдай кезінде барлық шұғыл хабарламаны жіберу алдында халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы екенін мәлімдеген болатын.

Дыбыстық сигналды естіген кезде теледидарлар мен радионы қосу керек, қалыптасқан жағдайда одан арғы әрекет туралы нұсқау алу үшін интернет ресурстары мен мобильді қосымшалардағы ақпаратты оқу керек.