Жаңалықтар

Бүгін Асланбек Шымбергенов шаршы алаңға шығады

Ел мен Президент сенім артқан жамбылдың жампозды алғашқы қарсыласымен жұдырық түйістіреді

Ұлттық құраманың үздігі бокстан 71 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғайтын Асланбек Шымбергенов бүгін жарыс жолына шығады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Жерлесіміздің Париж олимпиадасындағы алғашқы қарсыласы Иордания елінің боксшысы Зеяд Ишаиш болып отыр. 

Қазақстандық жанкүйерлер бокс додасын кешкі сағат 18:46. -дан бастап отандық телеарналардан тамашалай алады.