Жаңалықтар

Бүгін — қазақтың мақтанышы Димаш Құдайберген 30 жасқа толды

Жезтаңдай әншіні әлемнің түпкір-түпкірінен жанкүйерлері құттықтап жатыр

Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толып отыр. Әлемде миллиондаған табынушысы бар әншіні жанкүйерлері жарыса құттықтап жатыр,-деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Дінмұхаммед (Димаш) Құдайберген Қанатұлы 1994 жылы 24 мамырда Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткерлері Қанат Құдайбергенұлы мен Светлана Айтбаеваның отбасында дүниеге келген.  

Атақты Андреа Бочелли, Лара Фабиан сынды мықтылармен бір сахнада ән шырқап, Джеки Чанның досына айналған Димаш 30 жасқа толып отыр. Бүгінде тума таланттың 70 елде фанаттық топтары құрылған. Фанклуб мүшелері бүгін кумирлеріне әлеуметтік желі арқылы құттықттауларын жаудырып жатыр.

Түрлі ұлт, дін өкілдері қазақ әншісінің арқасында бір отбасыдай болып кеткен. Тіпті олар қазақ тілін меңгеріп, қазақ тілінде ән шырқап жүр.  

Әншінің туған күніне орай, әлемнің 21 мемлекетіндегі жанкүйерлері оның ән қоржынындағы "Махаббат бер маған" әнін бірі мезетте шырқайды деп күтілуде.