Жаңалықтар

БҮГІН БЕЛГІЛІ КАРДИОХИРУРГ СЕЙІТХАН ЖОШЫБАЕВТЫҢ ТУҒАН КҮНІ

БҮГІН БЕЛГІЛІ КАРДИОХИРУРГ СЕЙІТХАН ЖОШЫБАЕВТЫҢ ТУҒАН КҮНІ

Сейітхан Жошыбайұлы ЖОШЫБАЕВ

медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан жүрек-қан тамырлары хирургтары қауымдастығының төрағасы, Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының академигі . Ол Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы (бұрынғы Луговой ауданы) Ақыртөбе ауылында туған. Қырғыз мемлекеттік медицина институтын, КСРО Медицина ғылымдары академиясының А.Бакулев атындағы Жүрек-қан тамырлары ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірген. 1970-1984 жылдары - Бішкекте хирург, медициналық институтының жалпы хирургия кафедрасының ассистенті, Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық кардиология орталығының меңгерушісі. 1984-1992 жылдары А.Сызғанов атындағы клиникалық және тәжірибелік хирургия ғылыми-зерттеу институты жүрек-қан тамырлары бөлімінің жетекшісі болды. 2006 жылдан бастап Тараз қаласындағы Кардиохирургия орталығының директоры қызметін атқарды. С.Жошыбаев Кардиология жөніндегі көптеген халықаралық ұйымдар мен одақтардың құрметті мүшесі. 1 ғылым докторын, 9 ғылым кандидатын дайындап шығарған. Ол тәжірибе алмасу мақсатында Моңғолия, Венгрия, Германия, Үндістан, АҚШ, Англия, Канада, Польша, Чехия және тағы басқа елдердің арнайы мамандандырылған клиникаларында болды. Қырғызстан мен Қазақстанның бірнеше медальдарымен марапатталған.