Жаңалықтар

"Дүбірлі доп додасы аяқталады": Финалда Испания мен Англия өзара кім мықтыны анықтайды

Санаулы сағаттардан соң футболдан Еуропа құрлығының үздігі белгілі болады

Бүгін Германияда  бір айға жуық жалғасқан Еуро -2024 бәсекесі өз мәресіне жетеді, деп хабарлайды Jambylinfo. kz. 

Финалда Испания мен Англия құрамалары кездеседі. 

Финалдық матч 15 шілдеге қараған түні сағат 00:00-де басталады. 

Кездесуді "Qazsport"  телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. 

Еске салайық, Еуропа чемпионы атағына жету үшін 24 құрама бақ сынады.