Жаңалықтар

Бүгін екі қалада қолайсыз метеоахуал қалыптасады

Бүгін екі қалада қолайсыз метеоахуал қалыптасады

"Қазгидромет" синоптиктерінің болжамы бойынша, Алматыда, түнде Атырау қаласында ауа сапасы біршама нашарлайды. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.