Жаңалықтар

Бүгін еліміз қалаларында ауа сапасы қандай болады

Бүгін еліміз қалаларында ауа сапасы қандай болады

«Қазгидромет» РМК 4 сәуірде еліміз қалаларында қалыптасатын ауа сапасы туралы мәлімет ұсынды Синоптиктер болжамына сүйенсек, дүйсенбі күні Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды және Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Өзге шаһарларда метеожағдай норма шегінде болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.